Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазпочта онлайн төлем бойынша ерекше қызметті іске қосты

«Казпочта» АҚ www.post.kz пошталық және қаржылық қызметтердің ұлттық порталында «Salem, Online!» атты ерекше қызмет іске қосылатыны туралы хабарлайды.
Казахстан17 Мамыр , 12:09

Компания хабарлағандай, енді Ұлттық порталды пайдаланушылар қазақстандық компаниялардың кез-келген қызметтерін кез-келген VISA банк карточкалары арқылы Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген кез-келген банктегі заңды тұлғаның есеп-шотына төлей алады.

«Біз Қазақстандағы электронды коммерцияны дамытуға арналған үлкен қадам жасадық. Бұған дейін бизнес интернет-эквайринг қызметтеріне арналған онлайн төлемдерді қабылдауы үшін банкпен келісімшарт жасауы қажет болатын және бұның бәрі көп уақытты алатын. Қазір бұл міндетті емес, өйткені Қазпочта  қандай да бір шектеулерсіз интернеттен төлемдер қабылдау мүмкіндігін ұсынып отыр»,- деп атап өтті «Қазпочта» АҚ IT жөніндегі бас директоры Нариман Мұқышев.

Қызметтер үшін төлем қабылдау үшін заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге (банк, университет, балабақша, және т.б.) интернет-магазин, онлайн есеп-шот (кошелек) немесе өз сайтында интернет-эквайринг жүйесінің бар болуы қажет емес. Бастысы, клиенет төлемдерді жүргізу үшін барлық қажетті деректемелерді: ЖСК, БСН, БСК, сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде – дербес шотты, оқуға төлем жасау кезінде – топ нөмірін, несие төлеу кезінде  - келісімшарт нөмірін білуі тиіс.

Заңды тұлғаларға www.post.kz порталында «Salem, Online!» қызметі арқылы төлем қабылдауы үшін «Қазпочта» АҚ келісімшарт жасау талап етілмейді.

Төлем 16:30 сағатқа дейін жүргізілген жағдайда төлем сол жұмыс күні түседі, аталған уақыттан кейін жүргізілген барлық төлемдер  келесі жұмыс күніне өтетін болады. Сондай-ақ, демалыс күні жүргізілген төлем бірінші жұмыс күні өңделетін болады.

Кез-келген төлем үшін ұсталатын комиссия төленетін соманың 0,5%-ын (ең кемінде 150 теңге, ең көп дегенде 1000 теңге) құрайды. Комиссия сомасы ескерілген ең көп рұқсат етілетін төлем сомасы 300 мың теңгені құрайды.

«Salem, Online!» қызметі мынадай мүмкіндіктерді ұсынады: есеп-шотты толтыру немесе несиені өтеу;оқуға, емделуге төлем жасау;сақтандыру жарналарының төлемдері; коммуналдық қызметтер төлемдері;басқа да қызметтер мен тауарлардың біржолғы төлемдері.

 




Яндекс.Метрика