Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Қазақстандағы шағын және орта бизнес (1-ші бөлім)

Шағын және орта бизнес дамыған елдерде ежелден экономиканың жетекші күшіне айналған. Ал, Қазақстанда «жекелердің» мүмкіндігі бар ма? Бұл туралы «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы дайындаған сараптамалық шолудан оқыңыз.
Астана қаласы17 Мамыр , 12:42

Соңғы жылдары мемлекеттің дамуындағы шағын және орта бизнестің рөлі туралы көп естиміз. Сонымен қатар, ел экономикасына қосар орсан зор үлесі мен дамыған елдерде ШОБ елдің ІЖӨ-ң 50-ден 75 %-ға дейін үлесін құрайтынын да біліп жүрміз.

Бірақ, ең басты «көзірі» неде? Ірі кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар, теңіз порттары мен өндіруші компаниялар экономиканың барлық секторларын қалыптастырады, мыңдаған жұмыс орынын құрады, өзімен ілеспе салаларды да сүйрей жүреді және ғылымға үлес қосады. Осы уақытта сіздің аулаңыздағы кішкентай ғана дүкен аз ғана жалақымен 1 немесе 2 адамға әрең жұмыс тауып беріп отырады.

Неге біздің билік осы «пациент» үшін неге сонша арпалысады және ұтатын не бар – қиналмауы үшін бір жолата шаруасын тындыру керек пе  немесе емдеп шығару керек пе?  Бұл тұрғыда барлығымызға талқылап, ақиқатын түсіну үшін шығын және орта бизнестің әлемде дамуын және Қазақстандағы перспективасын анықтап қарастырамыз.

Айта кету керек, шағын және орта бизнес әр елде түрлі критерилермен ерекшеленеді. Көрнекі болу үшін: АҚШ-ғы шағын бизнес – бұл жылдық айналымы 20 млн. доллар болатын жеке компания. Көрші Ресейде жылдық айналым ондай компанияларда 400 млн рубльден асырмауы керек. Ал, Қазақстанда  - үш жүз мың АЕК (1,7 млн. доллар). Көрініп тұрғандай, әр елде бизнес масштабы экономиканың өлшеміне және оның салаларына байланысты әр қалай анықталады.

ШОБ айтарлықтай дамыған елдердің өздерінің ішкі квалификациясы болады. Айталық, қызмет бағытына байланысты, қызметкерлердің штаттық тіркелуіне және шынайы жылдық айналымға байланысты болады. Шағын бизнес тауар саудасы немесе кең ауқымдағы тұтыну қызметі сияқты нақты бәсекелестік ортада жұмыс істейтін шағын кәсіпорындарға бөлінеді. Яғни, онда шамамен 10-15 адам жұмыс істейді.

Баламалы түрде орта кәсіпкерлік бар. Ол компаниялар көтерме-бөлшек саудамен айналысады. Арзан тауарлар шығарады және белгілі бір аймақтарда жүйелік қызмет көрсетеді.

Орта бизнестегі орта компаниялар инфроқұрылым (байланыс, телефония, интернет), қызмет көрсету (мысалы, көліктік-логистикалық), ірі көтерме сауда және диструбиторлық жұмыстармен айналысады.

Осылайша, бизнес толық өмірлдік циклдардан өтеді. Кейбір кезеңдерден өте алмай жабылып та қалатын жағдайлар бар немесе басқа компанияларға сіңіп кетеді. Ал, кейбіреуі бүкіл кезеңдерден өтіп, келесі даму сатысына өтеді. Бизнес бір орынында тұрмайды. Оның жалғыз ғана мақсаты – ол капиталын көбейту. Ал, капиталдың жұмсалуға дайын тұратыны белгілі.

Шағын және орта бизнес осындай қиын да, қызықты процестерімен тартымды. Ол даму нүктесіне жеткізетін экономиканың серпілісі. Түсінікті болу үшін бір мысал келтірейік: жақсы ьаныс McDonalds-тың негізі 1940 жылы қаланған. Екі ағайындынің бір рестораны ғана болған. Бүгін –  ол 36 мың ресторанға жетті, 119 елде бар және оларда 2 млн жұмыс орыны бар.

Енді сұрақ туындайды – мемлекет үшін қайсысы жеңіл – ыңғайлы бизнес климат құру және ШОБ-ң дамуына жағдай жасау ма, әлде мемлекеттің өзінің 2 млн жұмыс орынын құрғаны тиімді ме?!

Критиктер бұл 2 миллион барлық әлемге таралып кетеді дейді, және бұл рас. Бірақ, ресторандардың 80%-ы франшиза бойынша жұмыс істейді ғой. Олар ресторандардың иесі үшін ақша жасайды, ал салық АҚШ-ң федералды бюджетіне түседі. Айналып келгенде тапқан кірістің өзі қаржы салуды қажет етеді. 




Яндекс.Метрика