Өңірлер

С.Кулагин: Бiздiң басты мiндетiмiз - егіс жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру

Ақмола облыс әкiмдiгiнде өңiр басшысы С.В. Кулагиннiң төрағалығымен ағымдағы мәселелер бойынша жиналыс өттi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола17 Мамыр , 11:19

Жиналысқа облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен облыстық құрылым басшылары қатысты. Күн тәртiбiнде егiн салу науқаны туралы мәселе қозғалды. Биылғы жылы өңiрде 4,7 млн. гектар аумаққа жаздық егiс салынбақшы, оның 4,2 млн. гектарына астық дақылдары егiлетiн болады.

«Бүгiнде облыста егiс науқаны үшiн оңтайлы кезең туындап отыр, бiздiң басты мiндетiмiз осы мерзiмдi тиiмдi пайдаланып, жұмыстарды ұйымдастыру. Осыған байланысты бүгiнде ауыл шаруашылығын қалыптастырушылармен кездесулерге шығуымыз керек. Бүгiнде өңiрде арзандатылған жанар-жағар май жеткiзу бойынша мәселе толық шешiмiн тапса, егiс науқанына арналған техниканың дайындығы — 100% құраған», — дедi әкiм.

Сондай-ақ, жиналыста қолға алынып жатқан облыстың барлық әлеуметтiк нысандарының жөндеу жұмыстарына да ерекше бақылау жүргiзудi тапсырды.

Одан басқа басқосуда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi дамыту, Щучинск-Бурабай курортты аймағы жолдарының, балалар үйлерiнiң құрылысы мен жетiмдердi баспанамен қамтамасыз ету мәселелерi де сөз болды.




Яндекс.Метрика