Өңірлер

ШҚО-да «Заң керуені» акциясы акциясы өтті (ФОТО)

Облыстық прокуратура органдарымен тұрғылықты халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату мақсатында жыл сайын алыс-жақын елді мекендерге жол тартып, тұрғылықты халыққа құқықтық көмек көрсету, шешімін таппаған мәселелер бойынша арыздар мен шағымдарды қабылдау түрінде «Заң керуені» акциясы өткізіледі, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 17 Мамыр, 11:03

Ағымдағы жылдың 14 мамырында облыс прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай   Семей қаласы, Бородулиха және Бесқарағай аудандарының барлық елді мекендерінде «Мәңгілік елдің «Заң керуені» акциясы өткізілді. 

Аталған шара аясында жоғары оқу орындарында, ірі сауда орталықтары мен базар аумақтарында азаматтарға қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру жүргізілді. Осы тектес шаралар орталық көшелер мен мәселелі нашар тұратын шағын-аудандарды аралау арқылы жүзеге асырылды.

Жиыны 63 елді мекенде өткізілген акция 4 875 азаматты қамтып, 90 өтініш қабылданды, азаматтарды толғандырған сұрақтар бойынша 364 түсіндірме берілді.

Өз кезегінде, тұрғылықты халықтың басым бөлігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу, жер телімдеріне құжаттарды әзірлеу, тұрғын-үй кезегіне тұру, алимент өндіру, жалақы берешегін қайтару, саяжай аумақтарын элетр энергиясымен қамсыздандыру мәселелері бойынша түсіндірме алуға жүгінді.

Мысалға, Ақбұлақ ауылының тұрғыны А. Саринжипов ветеринариялық анықтамаларды түнгі уақытта берудің шектелуі шаруа қожалықтарының қызметіне қолайсыздық тудыратындығын ескере отырып, аталған тәртіптің негізділігін түсіндіруді сұрады.

Сауал иесіне ветеринариялық анықтамаларды беру мемлекеттік қызметі мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен реттелетіндігі және осы стандартқа сәйкес сұралып отырған анықтама түнгі уақытта берілмейтіндігі түсіндірілді.

А.З. Абдрахманованың сот шешімі