Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Б.Сұлтанов: Мемлекеттік сатып алу жүйесінде тәжірибе алмасу саланы дамыту үшін жаңа серпін береді

Еуропа мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша мамандары Астанада мемлекеттік сатып алу жүйесін қалыптастыруда тәжірибелерін алмасуға жиналды.
Астана қаласы17 Мамыр , 10:46

Мемлекеттік сатып алу бойынша 12-ші халықаралық форум барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтып өткендей, елдер арасындағы тәжірибелер мен ойларды алмасу мемлекеттік сатып алу жүйесінің дамуына сепкі болады.

«Қазақстандық мемлекеттік сатып алудың даму тарихы 1998 жылы басталды, ол кездері арнайы заң қабылданған болатын. Осы жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң Қазақстанда да қабылданып, күшіне енді. Аталмыш заңды жетілдіру барлық халықаралық тәжірибе мен практиканы қамтыды. Үлкен көлемді жұмыстар жасалып бітті, Қазақстанның барлық мемлекеттік сатылым жүйесі электронды форматта. Бүгінгі күні біз өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Қазір біз, көптеген жағдайлардың мамандар мен осы саладағы сарапшыларға  қатысты екендігін түсінеміз. Сол себепті, менің ойымша, түрлі көзқарастар және тәсілдермен алмасу  мемлекеттік сатып алу жүйесінің дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді»,-деді министр.

Үш күн ішінде форум қатысушылары мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалауда тәжірибелер мен практиканы талқылайтын болады.  

Барлық елдер сатып алу жүйесінде өздерінің шараларын ұсынады деп күтілуде және оларды бір жыл ішінде міндетті түрде қадағалау керек болады.

«Сатып алуға ең жақсы болатыны– бұл мәселені шешу, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру. Сатып алу өзімен коммерциялық пайданы да әкеледі, оның ішінде көп кездесетіні жақсы келісім жасасу. Келесі – бұл тиімділікті арттыру үшін мотивация»,-деді Дүниежүзілік банктің жедел саясат және сатып алу саласының директоры Кристофер Марк Браун.




Яндекс.Метрика