ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Жамбыл облысында мемлекеттік тілді оқыту курстарын 13,6 мың адам тәмамдады

Жамбыл облысында мемлекеттік тілді оқыту курстарын 13,6 мың адам тәмамдады , деді Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқарма басшысы Боранбаева Ғалия өңірдегі ОКҚ брифингінде.
Жамбыл17 Мамыр , 10:27

“Әлемдегі дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылуды мақсатында, егемен еліміздің еңселі ертеңі үшін, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызы зор «Үш тұғырлы тіл» саясаты екені ескерсек, осы тұрғыда басқарма тарапынан маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Жамбыл облысының аумақтық даму бағдарламасындағы үштұғырлы тіл саясатын дамыту бөлімінде ағылшын және үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі деген екі нысаналы индикаторлар қосылды. 2016 жылдан бастап облыс тұрғындарының мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейіне мән беріліп, жұмыстар жүргізілуде”,- деп атап өтті Ғалия Бектенқызы.  

Мемлекет басшысының "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет" Ұлт жоспарында ұсынылған үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

“Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Мемлекеттік тілді оқыту орталығы – Тілдерді оқыту орталығы болып өзгертілді. Себебі, орталықта биылғы жылға дейін басымдық мемлекеттік тілді меңгертуге беріліп келген болса, қазіргі уақытта ағылшын және орыс тілдерін де оқыту жұмыстары жүргізілуде. Оқыту орталығында облыс көлеміндегі барлық сала қызметкерлеріне курстар ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілмен қатар ағылшын, орыс тілдері де ақысыз негізде оқытылады. Бұл ретте ересек тұрғындарға тілдерді меңгерту үшін облыстың 8 ауданында (Қордай, Шу, Меркі, Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл, Байзақ) оқыту бөлімшелері жұмыс  жүргізіп келген болса, 2016 жылдан бастап Т.Рысқұлов және Мойынқұм аудандарында да үш тілде оқыту курстары ашылды. Бүгінгі таңда тіл үйренушілердің жалпы саны – 1766.  Ұлттық құрамы бойынша: қазақ – 820, этнос өкілдері – 946,- хабарлады басқарма басшысы.

Ғалия Бектенқызының айтуынша, мемлекеттік тілді оқыту курстарына 1145 ересек тұрғындар (о.і.565 мемлекеттік қызметкерлер) қамтылып отыр, 27 этностың өкілі қазақ тілін тегін оқып үйренуде. 160 топта 946 этнос өкілі (орыс, украин, неміс, татар, өзбек, кәріс және т.б.) дәріс алуда. Жалпы Тілдерді оқыту орталығы құрылғаннан бері 13697 адам мемлекеттік тілді оқыту курстарына тартылып, төл тілімізді үйреніп шықты.

2015 жылы орыс тілі курсында 117 ғана тыңдаушы болса, 2016  жылдың 4 айында  бұл көрсеткіш 209-ға (19 топ) жетіп отыр. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 105.

Тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілі курсында 2015 жылы – 677 адам, 2016 жылдың 5 айында – 500-ге жуық тыңдаушы ағылшын тілін үйрену курсына жазылып отыр.  




Яндекс.Метрика