ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Жамбыл облысында 527 мемлекеттік қызметкер «Қазтест» тестілеуінен өтті

Жамбыл облысында 527 мемлекеттік қызметкер «Қазтест» тестілеуінен өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде тілдерді дамыту басқармасы басшысы Боранбаева Ғалия Бектенқызы хабарлады.
Жамбыл 17 Мамыр, 09:52

Азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – Казтест жүйесі. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Казтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 2017 жылы 80 пайызды құрауы тиіс.

Облыста Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік және бюджеттік, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттердің, әскери сала қызметшілеріне Қазтест жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау сынағы ұйымдастырылуда.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін 2015 жылы диагностикалық тестілеуге 2861 түрлі сала қызметкерлері қамтылды, 2016 жылы 1634 қызметкер ҚАЗТЕСТ  диагностикалық тестілеуден өтті. Жалпы тестілеуге қатысқан – 7736 адамның  орта 2658 адам  (В1), 1076 ортадан жоғары (В2), 31 жоғары (С1) деңгей бойынша тест тапсырды. Тест тапсырушылардың санаты бойынша  Оның ішінде 4072 – мемлекеттік қызметшілер, 211 – мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері, 3453 – бюджеттік сала қызметкерлері болды.

Биылғы диагностикалық тестілеу 10-19 ақпан аралығында Жамбыл облысының Қордай, Меркі, Жамбыл, Байзақ, Шу, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Талас аудандарымен Тараз қаласында  527 мемлекеттік қызметші Қазтест  байқау сынағына қатысты.

25 ақпанда ҚР ҰҚК  Жамбыл облысы бойынша  департаментінен 91 мемлекеттік қызметші, 14-24 наурыз аралығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінен 175 қызметші диагностикалық тестілеуінен өтті. Сәуір айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі мамандандырылған Күзет қызметі қызметкерлері 521 адам, Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск қала тектес кентінде орналасқан 30212 әскери бөлімінің жеке құрамынан 330 адам Қазтест диагностикалық тестілеуінен өтті,- деп атап өтті басқарма басшысы.

Оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша 2015 жылы 508 мемлекеттік қызметші Қазтест сертификаттық тестілеуіне қатысып, оның 86,9%, яғни 441-і сертификаттық тестілеуден сәтті өтті. Жалпы тестен өткендердің 37,9%  базалық деңгейін (А2), 62,1% орта деңгейін (В1) тапсырды. Бұл жылы жоғары деңгейге (С1) тапсырыс берген тестіленушілер болмады. Жалпы Қазтест  сертификаттық тестілеуіне облыс әкімінің аппараты, Тараз қаласы әкімінің аппараты, 16 басқарма, төтенше жағдай департаменті және жоғары оқу орындарының қызметкерлері  қатысты.

«Бүгінгі таңда жалпы республика көлемінде 140-тан астам этнос өкілі бар болса,  Жамбыл облысында 80-нен астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Бұл, яғни, облыс тұрғындарының  28 пайызын құрайды. Қазіргі таңда облыста 73 этномәдени бірлестік тіркелген. Оның 26-сы облыстық және 47-сі аудандық этномәдени бірлестіктер. Облыстағы этномәдени бірлестіктер (түрік, неміс, күрді, кәріс, татар) жанында ана тілін үйрету курстары жұмыс жасайды және өзбек тілінде оқытатын №4 орта мектеп бар.  2014 жылы ана тілдерін  үйрету курсына 1122 адам қамтылса, 2015 жылы 2183 адам қамтылған.2015 жылы ана тілдерін үйрету курсына қамтылғандар саны 2014 жылмен салыстырғанда  1061-ге  артып отыр»,- деп атап өтті Ғ.Боранбаева.  





Яндекс.Метрика