Өңірлер

Ақтөбеде 270 ақтөбелік отбасы мембағдарлама аясында пәтерге ие болды (ФОТО)

Ақтөбеде 270 отбасы «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болды.
Ақтөбе 17 Мамыр, 09:16

Пәтерге ие болған азаматтарға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  кілтті табыс етті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салушылары шоғырланатын үй «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде орналасқан.

Салтанатты шараға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қатысы, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы.

Қоныс тойын тойлаушыларды құттықтай отырып, әкім өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша  Ақтөбе облысында пайдалануға 14 тұрғын үй берілді. 2832 тұрғын пәтерге ие болды. «Халықтың барлық санатына  арналған тұрғын үй» бағыты бойынша  432 пәтерлік 2 үй салынды.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттің әлеуметтік саясаты жан-жақты әлеуметтік қорғау мен халықты үймен қамтуға бағытталды.  Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту мен «Нұрлы жол» бағдарламалары халықты тұрақты тұрғын үймен қамтудың негізі болып есептеледі. Осы жылы Ақтөбе облысында 580 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді», - деді Б.Сапарбаев.

 





Яндекс.Метрика