Халықаралық интеграция

Қазақстан елшісі Тәжікстанның СІМ басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджидин Асловпен кездесіп, сенім грамотасының көшірмесін ұсынды, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде16 Мамыр , 20:07

Кездесу барысында екі жақ ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылады.

«Екі жақ аймақтық және халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан табысты ынтымақтастықт орнағанын атап өтті. Екі жақ АӨСШК, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ИЫҰ, ТМД ATC, сондай-ақ ТРАСЕКА көлік дәліздері және Солтүстік-Оңтүстік қытысушылары болып табылады»,-деп хабарламада айтылған.

Келіссөз барысында Қазақстан елшісі министрге ҚР Президентінің «Әлем. 21 ғасыр» манифестін ұсынды. Манифест тәжік тілінде болды.

С.Аслов өз сөзінде елшіні тағайындалған лауазымен құттықтап,  Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы серіктестік біртіндеп дамып, алдағы барлық келісімшарттардың уақытылы орындалатындығына сенім білдірді. 




Яндекс.Метрика