Ұлттың денсаулығы

5 жылда ТҒӨО Тіндік типтеу зертханасында ағзалардың транспланттау үшін донорлар мен реципиенттердің сәйкестігі бойынша 536 зерттеу жүргізілді

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында 2011 жылы құрылған Тіндік типтеу зертханасында донор мен рецепиенттің үйлесімділігін анықтау бойынша 536 зерттеу жүргізілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан17 Мамыр , 08:42

Бұл 383 ағзаны ауыстырып отырғызу бойынша ота мен 153 сүйек кемігін ауыстырып отырғызу оталарын сәтті жасауға мүмкіндік берді. Транспланттауды күтіп жүрген пациенттер базасы мен гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізімі жасалды.

Аталған зертханада өткізілетін транспланттаулар аясында сезімталдық (үйлесімділік) деңгейін анықтау үшін донорлар мен реципиенттерді типтеу бойынша барлық зерттеу кешені жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізіміне 3,5 мыңнан астам типтелген донорлар енгізілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қан орталығында республиканың оңтүстік аймақтары мен еліміздің ірі қалаларында ағзалардың транспланттауын зертханалық сүйемелдеу мақсатында иммунологиялық типтеу зертханасы құрылды, 2015 жылы алматылық емханаларда барлығы 118 трансплантация, оның ішінде мәйіттік донорлардан 18 ота жасалды.

 




Яндекс.Метрика