Ұлттың денсаулығы

ОҚО-да еске алуға арналған дәстүрлі эстафета өтті (ФОТО)

Таяуда облыстық «Южный Казахстан» газеті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жүлдесіне Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және облыстық дене шынықтыру және спорт комитетінің бірінші төрағасы М.Николаевты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область 16 Мамыр, 20:26

1937 жылы бастау алған бұл шара, тіпті Ұлы Отан Соғысы жылдарында да тоқтаған емес. Жалпы саны 1100 спортшы қатысқан шараға қала, аудандардан 5 колледж, 3 жоғарғы оқу орындарының студент жастары, 90-ға жуық мектеп оқушылары мен спорт және басқада ұйымдарының қызметкерлерінен құралған командалар жұмылдырылды. 

79-шы рет ұйымдастырылып отырған эстафетада қатысушылар 10 деңгей бойынша Қонаев даңғылы бойымен 5200 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Мектеп оқушы командалар арасында 1-ші орынды № 23 орта жеңіп алса, колледж студенттері арасында «Парасат»колледжі, Жоғары оқу орындары мен ұйымдар арасынан М. Әуезов атындағы ОҚМУ-командасы жеңімпаз атанды. 
Жүлделі орынға ие болған командалар «Южный Казахстан» газетінің бағалы сыйлықтарымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогімен марапатталды. 





Яндекс.Метрика