Өңірлер

ШҚО әкімі өткен жылы жөнделген жолдарға тексеріс жүргізуді тапсырды

Өткен жылы жөнделген облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды тексерістен өткізуге ШҚО әкімі Даниал Ахметов тапсырма берді, деп хабарлады ақпараттық орталық.
Шығыс Қазақстан16 Мамыр , 19:03

Мердігерлер кепілдендірілген міндеттер аясында қысқы және көктемгі мерзімнен кейін жолдардың жағдайын тексереді. Бұл тапсырманы аймақ басшысы Даниал Ахметов аппараттық кеңес барысында мәлімдеді.

«Өткен жылы Өскеменнен Риддерге дейін орташа жөндеу жұмыстары орындалды. Барлық мердігерлер жолдың жағдайын тексерсін. Себебі, барлық жерде жұмыс нақты жүргізілмеген», - деді әкім.

Аймақ басшысының басты назарында жолдардың «орташа жөнделуі». Облыстың кейбір аудандарында аталмыш жұмыс толық орындалып отырған жоқ. Өскемен-Бобровка, Өскемен – Самарка бағытындағы жолдар негізгі тегістеусіз төселіп жатыр.

Аймақ басшысы  атап өткендей, қала мен аудандарды абаттаныду бойынша жұмысты белсенділету керек.

 

 




Яндекс.Метрика