Инвестициялар

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен несие шарттарына өзгерістер енгізілді

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржыландырудың бірқатар бағдарламасын іске асыруда, олар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және ауыл халқының қолдауна бағытталған. Қордың директорлар кеңесімен ағымдағы жылдың сәуір айында несие шарттарына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Астана қаласы17 Мамыр , 08:59

Осылайша, осы жылы жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, жайылымдарды суландыру бойынша  қаржыландыру басымдықтары анықталды, деп компанияда хабарлайды.

 Қордың несиелік қызметі «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасының шеберлік-жоспарында көрсетілгендей, басым мақсатқа бағытталған.

«Агробизнес-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша бөлінген несиенің тиімділігін арттыру үшін, оларды тиімді анықтау үшін қордың бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Ет, сүт, мал, қой, жылқы, жайылым суару бойынша несие анықталды. Бұл «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасына орай, «ЖЖК-2020» бойынша шағын неселендіру бағдарламасын іске асыруға септігін тигізеді.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға қаржы бөлінуде.

Кейбір позициялар- мысалы, «Ырыс» бағдарламасы бойынша несие сомасын ұлғайту – мал шаруашылығына, техникаға цех және жабдықтарға  бағаның өсуі сынды жағдайлар қарастырылған. Қарыздың сомасы 60-тан 85 миллион теңгеге өседі.

Сүт өнімдерін құру мен дамыту бойынша бағдарламаларға да өзгерістер енгізілді. Осылайша, несие қаражатына орай айналмалы капиталды 25 емес, 30 пайызға толтыруға болады. Техника мен жабдықтарды алу үшін қарыздың мерзімі ұзартылды – 48-ден 60 айға дейін.

Естерінізге сала кетейік, Қор келесідей несиелік бағдарламаны ұсынады:

1. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында

-«Ырыс» (Отбасылық сүт шаруашылықтарын құру үшін);

-Сүт жинауды құру;

- Тамшылатып суаруды енгізу;

-Отбасылық алма бағын дамыту.

2.Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несие

- Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020;

-Бизнестің жол картасы-2020;

3.Микроқаржы ұйымдарына несие беру

4.Аймақтық бағдарламалар

- «Бизнес-аймақ»

 -«Ауылда ШОБ несиелендіру» (Атырау облысының әкімдігімен бірге);

- «Эко-Даму» (БҰҰДБ бірлесіп).

 




Яндекс.Метрика