Адами капитал

Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар пайда болды (ФОТО)

Алғаш рет Қазақстан Республикасының әскери жоғары оқу орындарында курсанттардың білім ала алатындай жаңа мамандықтар енгізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 16 Мамыр, 19:52

 Жыл сайын әскери жоғары оқу орындарына 1 000-ға жуық азамат оқуға түседі.   Кадет корпусында және жоғары оқу орындарында болсын әскери оқу орындарындағы мамандықтардың тізбесі қайта әзірленді. 

Алғаш рет 2016-2017 оқу жылында Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының базасында әскери-медициналық факультетте оқыту басталады. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институтында «Әскери істегі менеджмент», «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция» секілді мамандықтар ашылды. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «Әскери істегі радиоэлектроника және байланыс» мамандығы пайда болды. 

Ол мамандық бойынша білім алғаннан кейін түлектер әскери салада ғана емес, сонымен бірге азаматтық қызметте де жұмыстарын жалғастыра алады. Бүгінде әскери білім қарқынды дамуда.  Оқыту бағдарламасына әскери әдеп, көшбасшылық және әскери істегі басқару стилі сияқты пәндер енгізілді. Бұл  курсанттардың жеке тұлғасын, көшбасшылық қасиеттері мен мінез-құлқын қалыптастыратын факторлар болып табылады. Жыл сайын Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының курсанттары шетелдерде тағылымдамадан өтеді. Тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктілігін арттырады. Бүгінгі таңда 2016 жылдың 15 маусымына дейін жалғасатын оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Әскери жоғары оқу орындарының курсанттары үшін оқуға арналған барлық жағдай, яғни, толық әлеуметтік жиынтық, тегін оқу және тұру қарастырылған. Барлық түлектер оқуды аяқтағаннан кейін 100 пайыз жұмыспен қамтылады.


 





Яндекс.Метрика