Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Астанада «Жас Сұңқар» әскери-патриоттық клубтарының республикалық жиыны өтеді

Елордада «Жас Сұңқар» әскери-патриоттық клубтарының республикалық жиыны өтеді.
Ақмола29 Тамыз , 00:00

2013 жылғы 2 тамызда сағат 10:30-да Астана қаласы, Сороковая станциясы, 68 665 ә/б мекен-жайында «Жас Отан» ЖҚ Ауғанстан және Қазақстан Республикасының жергілікті соғыс ардагерлері одағы және Қазақстан десантшыларының одағымен бірлесіп елорданың 15 жылдығы және Қазақстан Республикасы Аэромобильді әскері – Әуе-десанттық әскерінің (ӘДӘ) құқықтық иеленушілігінің құрылғанына 13 жыл толуына арналған «Жас Сұңқар» әскери-патриоттық клубтарының республикалық жиынын өткізеді.

Шара барысында Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер мен Отан Қорғаушылар ескеркішіне гүл шоқтарын қою, ардагерлердің Аэромобильді әскер (ӘДӘ) әскери қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылады.

Шараға Ұлы Отан соғысы, ардагерлері, тыл ардагерлері, Парламент депутаттары, «Нұр Отан» ХДП басшылығы, әскери-патриоттық клубтардың, ардагерлер және жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, сағат 19:00-де Астана қ., Бөкейханов көшесі, 1 (Қалалық Оқушылар сарайының ашық концерт алаңы) «Отан сарбаздары» Бірінші Халықаралық музыкалық марафон аясында ҰҚК, ІІМ ІӘ, ҚР ҚМ шығармашылық ұжымдары, ардовалық әндердің авторлары және орындаушыларының қатысуымен «VIVAT, АСТАНА!» әскер-патриоттық әндерінің салтанатты концерті өтеді. 




Яндекс.Метрика