Ең төменгі әлеуметтік стандарт

Мәжілісте әлеуметтік дамудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы туралы жоба ұсынылды

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы туралы Жобаны ұсынды, деп министрліктің баспасөз қызметі хабарлаы.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 17:12

«Мемлекет басшысының «Қазақстан стратегиясы - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты халыққа Жолдауында түп негізінде мемлекет өз азаматтарына жаһандық дағдарыс жағдайында минималды әлеуметтік стандарттар ұсынуға кепілдік беруі туралы принципі жатқан әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері көрсетілген», - деді министр.

«Минималды әлеуметтік стандарттарды белгілеу арқылы азаматтарға өмірлерінің әр кезеңдерінде әлеуметтік қызметтердің минималды қажетті деңгейін ұсыну көзделген»,-деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Осы ретте, жобаның басты мақсаты деп – ҚР Конституциясы мен өзге де заңнамалық актілермен кепілдендірілген, республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайынғы бюджетті қалыптастыруда міндетті болып табылатын әлеуметтік қызметтердің минималды деңгейін анықтауды айтуға болады, деді ол.

 




Яндекс.Метрика