Бюджет саясаты

Сенаторлар «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне қайтарды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында енгізілген түзетулерді ескере отырып «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісіне бағытталды, деп Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 16:39

Бюджеттің негізгі параметрлерін экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды.

"Республикалық бюджетке түзетулеріңізді ескере отырып, бюджет 2014 жылы 5,7 трлн теңге, 2015 жылы 6,2 трлн және 2016 жылы 6,8 трлн деңгейінде болжануда", - деді министр.

Сонымен қатар, 2014 жылы шығындар 6,7 трлн теңгені, 2015 жылы 7,2 трлн теңгені, 2016 жылы - 7,8 трлн теңгені құрады.

"2014-2016 жылдарға арналған бюджеттің шығыс бөлігінің негізгі бағыттары республиканың әлеуметтік-экономикалыққ дамуына, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтауға, білімге, ТКШ, АӨК, көлік және өңірлерді дамытуға және т.б. бағытталған.

Осылайша, үш жылдық бюджетте әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке 4,8 трлн астам теңге, білімге 1,3 трлн астам теңге, денсаулық сақтауға - 2,4 трлн теңге, ауыл шаруашылығына - 453,2 млрд теңге, көлік және коммуникацияға - 1,1 трлн теңге қарастырылған, сондай-ақ өңірлерді дамытуға 264 млрд теңге бөлу жоспарланған.




Яндекс.Метрика