Қазақстанның Тәуелсіздігі

Астанада «Жарқын болашақ» атты Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі өтті

Астанада «Қазақстан» Орталық концер залында «Жарқын болашақ» атты Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі өтті және осындай бірегей жоба алғаш рет болуда.
Астана қаласы30 Сәуір , 19:51

Фестивальге әлемнің 25 елінен келген балалар қатысты және олар өздерінің тілдерінде және қазақ тілінде білімдерін көрсетті, сонымен қатар қазақ тілінде ән орындау, мәнерлеп оқу және ұлттық билер.

Осыған орай, Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 толуына байланысты 25 елден мектеп оқушыларын шақырту шешімі қабылданды. Олар Еуропа, Америка, Африка және басқа әлемнен келген мектеп оқушылары болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елімізде алғаш рет өтіп жатқан «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің қатысушыларына құттықтау жолдады. Құттықтауды бүгін фестивальдің ашылу рәсімі барысында Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева оқып берді.

«Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің қатысушылары! Баршаңызды Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің ашылу рәсімімен шын жүректен құттықтаймын! «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалі - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны дамыту, ерекше дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін көрсету, әлемнің әр түпкірінен жиналған жастардың достығы мен бауырластығын өркендету мақсатында өткізіліп отырған бірегей іс-шара. Әлем болашақ өміріміздің жарқын болуын қалайтын, соған бар күш-жігерін салатын жалынды жастардың қолында. Қазақстанда өткізіліп отырған тіл мен мәдениет саласындағы бастамамызға өз өнерлеріңіз арқылы үлес қосқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Барша қатысушыларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Өнерлеріңіз шыңдалып, шығармашылық табыстарыңыз молай берсін!»-  делінген құттықтауда.

Айта кетейік, фестивальдің мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, шетелден қазақ тілі мен әдебиетті білетін дарынды балаларды іздеу, ғылыми жобаларды қорғау, сонымен қатар жастарды қолдау.

«Құрметті олимпида қатысушылары, бүгін «Жарқын болашақ» әлемніңкөптеген балаларының басын біріктірді және ол бір-бірлерінді жақынырақ тануға, достасуға септігін тигізеді. Фестивальдің барлық қатысушыларын құттықтаймын және табыс тілеймін. Президент Нүрсүлтан Назарбаев айтқандай, қазақ тілі ғажап тіл, тек біз оны насихаттай білуіміз керек», деген сөзін ту етіп, жыл сайын «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтіп келеді. Бұл олимпиаданы өткізудегі басты мақсат - мемлекеттің мәртебесін көтеру, қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, оларға ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойына сіңіру арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру болып табылады» деген. Өткен жылы республиканың мыңдаған мектептерінен 5 мыңнан астам оқушы қатысқан. Астанада өткен финалда Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 200 оқушы қатысты. Біз олимпиада жастардың қазақ тілін оқуға құштарлығын оятады деген сенімдеміз»,- деді «KATEV»  халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте.

Сонымен қатар, фестиваль аясында шетелде тұратын жас отандастарымызға білім гранты берілді. Жеңімпаздарға өздерінің тарихи отанында білім алуға мүмкіндік беріледі.

Фестивальді ұйымдастырушылар «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры және олар қазақ-түрік лицейінің түлектерінің дайындық деңгейін арттыру үшін белсенді жұмыс істейді, өйткені Қазақстан мен Түркияны мәдени және білім беру тарихи бірлестіктері байланыстырады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мәдениеттер нығайды, бүгінгі күні білім беру саласындағы ынтымақтастық екі ел арасында жоғары деңгейде. Осылайша, қазақ халқының тілі мен мәдениетін насихаттауда, фестиваль ұйымдастырушылары шетелдік отандастарымызға қолдау көрсеткілері келеді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика