Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

ҚР-да «Өнімділік 2020» бағдарламасына 162,9 млрд теңгені құрайтын 57 жоба енді

«Өнімділік 2020» бағдарламасына 162,9 млрд теңгені құрайтын 57 жоба енді. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан21 Қараша , 14:49

«Жалпы бағдарламаға 162,9 млрд теңге тұратын 57 жоба енді. 2013 жылы бірінші жартыжылдық бойынша 10,4 млрд теңгені құрайтын 6 жоба енген», - делінген хабарламада.

 Ағымдағы жылдың жобалары бойынша Алматы қаласындағы кабель өндіретін зауыт пен Қызылордадағы үй құрылысы материалдарын өндіретін комбинат жұмысының кеңейтілуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Астанадағы «Стальцинк» ЖШС жол кедергілерін жасайтын зауыт та бар.

Оған қоса, «Өнімділік-2020» бағдарламасына Маңғыстау облысындағы қайық жөндеу зауыты мен Астанадағы металдан жасалған панель өндіретін зауыт, Қарағанды облысында шарлы кран өндіретін зауыттар да еніп отыр.

 




Яндекс.Метрика