Өңірлер

А.Фильберт: Жерді иелену – бұл тек құқық немесе артықшылық емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік

Жерді мұқият күту керек, және сол кезде ғана ол әрдайым мол өнім береді. Сол себепті біз бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан учаскелерді сатып алғымыз келеді. Бізге тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік керек. Бұл туралы солтүстік қазақстандық «ФИАТ» шаруа қожалығының басшысы Александр Фильберт Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 30 Сәуір, 15:37

«Бізде шаруа қожалығы айтарлықтай үлкен емес. Шамамен 1 000 гектар жерді жалға аламыз. Дақылдарды өсіреміз, көбінесе дәндер. Бізде мерзімдері әр түрлі жалға алынған учаскелер бар. Ең жақын жалдау мерзімі 2019 жылы болады. Әрине, біз бұған көп күш пен қаражат жұмсадық. Жерді мұқият күту керек, сол кезде ғана ол айтарлықтай жақсы өнім беретін болады. Сол себепті, бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан жерлерімізді сатып алғымыз келеді. Бізге тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік керек.Біз тиісті өтініштерді әкімдікке дайындап жатырмыз»-деді шаруа қожалығының басшысы.   

Оның айтуы бойынша, дамыған елдердің тәжірибесі, мысалы Германияда жердің жеке меншігі болып келетіндер жерге ұқыпты қарайды.  

«Әрине, мен болашақта ұлдарыма артымнан мұрағат қалдырғым келеді, олардың осы жерде қалып, жұмыс істеп, ертеңгі күні болашақтарына сеніммен қарағандарын қалаймын және солай болғанын тілеймін. Мемлекет те Қазақстан Республикасының азаматтарына сенімдерін білдіреді. Сол себепті ҚР Жер кодексіне енгізілген түзетулерін толығымен қолдаймын. Жердің өз қожайыны болуы керек деп есептеймін. Жерді иелену – бұл тек құқық немесе артықшылық емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік»,-деді ол.

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Яндекс.Метрика