Өңірлер

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жерді жекешелендіру болашақта сенімділік береді – сарапшы

Астана қаласы30 Сәуір , 14:32

Жерді жекешелендіру процесі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге болашақта сенім береді, деп «Еңбек» ЖШС директоры Бағдат Тұғұлбаев «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында айтты.

«Біз Ақмола облысы Аршалы ауданында бидай және өсімдік шаруашылығымен айналысамыз. Қазір жерді жекешелендіру мәселесі өзекті болуда және оған оңтайлы қараймыз. Ойы жақсы, бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сенімділік береді. Өйткені тауар өндірушілер жерге қаражат салады. Болақта жердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде қалғаны дұрыс»,-деді ол.

Өз сөзінде, жерді жекешелендіру мәселесін әрі қарай аяқтап бітіру керектігін айтты.

«Алайда, жердің өзіміздің қазақстандықтарға беріледі деген фактісі өте маңызды. Тағы бір маңыздысы, басымдылықты жермен жұмыс істеп жатқан ұйымға беру керек»,-деді ол.

Сонымен қатар, тауар өндіруші өз сөзінде ұйым дизель отынының арзандауы, гербицидтерге, тыңайтқыштарға субсидия, инвестициялық салымға субсидия сынды мемлекеттік қолдауды пайдаланады.

«Бидай жинау кезінде өткен жылы 9 центнер алдық, ал арпа – 10, кәртоп бойынша жыл ауырлау болды, біз гектардан 250 центнер алдық»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика