Инвестициялар

Ақтауда электротехникалық жабдықтарды өндіру бойынша қазақстандық-финдік кәсіпорын ашылады

Маңғыстау облысында жоғары сапалы электротехникалық жабдықтарды өндіруді, электроэнергетика саласында инновациялық шешімнің дамуы мен қозғалуын, электр жабдықтау, автоматтандыру және энергия үнемдейтін өндірісті оңтайландыру мақсатында қазақстандық-финдік бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы «VEO» фин компаниясының бас директоры Марко Экманның Маңғыстау индустирия палатасының басшылығымен кездесу барысында белгілі болды.
Маңғыстау 30 Сәуір, 12:37

Зауытты 4 жыл ішінде құру жоспарланған және жергілікті тұрғындардың 200 адамына жұмыс беру жоспарланған. Өндірістік алаң арнайы «Морпорт Актау» экономикалық алаңында ораналастырылады.

«VEO» фин компаниясының бас директоры Марко Экманның хабарлауынша, «VEO» компаниясының негізгі қызметі жаңа және қолданыстағы өнеркәсіптік және энергетикалық нысандарды қайта салу үшін қажетті қызметтер мен жабдықтарды жеткізу қамтамасыз ететін кешендік инженеринг.

«2019 жылға бірлескен кәсіпорынның жол картасы әзірленуде. Соған орай ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында біз қндірілген өнімдерді тексеруге дайынбыз. Болжам бойынша, жоба 2020 жылға дейін аяқталады»,-деді инвестор.

Инвестор арнайы «Морпорт Актау» экономикалық зонасында болды және преференциялармен қанағаттанды.

«Менің ойымша, біздің ынтымақтастығымыз жемісті болады және бірлескен өнімді шығарамыз. Бізді аймақ басшысы Әлік Айдарбаев қарсы алды, сонымен қатар біз «Морпорт Актау» аумағында болдық және ол жерде жаңа зауыт құрылады. Маңғыстау облысының бизнеске деген өсімнің үлкен мүмкіндіктерін байқадық. Бізге көрсетіп жатқан мүмкіндіктерге алғысымды айтамын»,-деді М. Экман.

Айта кететін жайт, «VEO» финдік компаниясы Скандинавия елдерінде ТҚ өндірудегі ірі зауыт. Бүгінгі күні олармен әлемдегі 150 елдің 5 мыңнан астам жобасы іске асырылды.

Финдік компанияда энергия аудитінің тәжірибесі мол және энерго аудит бойынша қызметті ұсынады, осылайша, маңғыстаулық  кәсіпорындар электр энергиясында жинақ мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие болады.





Яндекс.Метрика