Инвестициялар

20 қазақстандық өндіруші өздерінің бизнес-мүмкіндіктерін Омскіде таныстырды

20 қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік, құрылыс, химия және қаптама саласындағы өндірушілер Омскіде өткен бизнесс-миссия барысында өздерінің өндірістік мүмкіндіктерін таныстырды, деп РФ-ғы ҚР Елшілігі хабарлайды.
Әлемде 30 Сәуір, 11:36

Естерінізге сала кетейік, ресей нарығында қазақстандық өнімдерді насихаттау мен дәріптеу мақсатында қазақстандық делегация ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Е.Нысанбаевтың басшылығымен іскерлік миссия форматында Омск қаласында болып қайтты.

Бизнесс-миссияның ұйымдастырушылары Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірге «KAZNEX INVEST» АҚ, РҚ-дағығы ҚР Елшілігі, Омскідегі Қазақстанның Консулдығы және Омск облысының Үкіметі болды.

Миссия барысында қазақстандық делегацияның ҚР ауыл шаруашыл вице-министрі Е.Нысанбаевтың басшылығымен губернатор, Омск облысының үкімет төрағасы В. Назаровпен кездесу өтті.

Е. Нысанбаев екі жақта сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтудың талпынысы ба екендігін, бизнестің дамуына көмек көрсету, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша талпыныстың бар екендігін атап өтті.

«Қазақстан ірі аграрлық мемлекет. Сала толығымен нарық басқару моделіне көшірілген және ол инвесторлар үшін тартымды болды. Жақсы бастамалар бар, ЕЭО аясында біз интеграциялық процес тұрғысында оларды жделдетуіміз керекпіз. Міндетті түрде кездесудің түрлі форматын дамыту керек»,-деді қазақстандық делегация.

Тағы бір ынтымақтастықтың перспективалық бағыты жәрмеңкелік ауысым. ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі бірлескен жәрмеңкелер кестесін жасауды ұсынды.

Омск облысының губернаторы В.Назаров Қазақстан мен Омск арасындағы тауар айналымының өсуін атап өтті және ол жерде көбіне айналымда ауыл шаруашылық өнімдері мен өңдеуші өндірістер болған.

Екі келісімге қол қойылды: «Крендель Экибастуз» ЖШС компаниясы мен «Альфа-бизнес» арасында мейрамхана және кондитерлікке жабдықтарды жеткіз туралы және «Сагып» пен «СибТранс» арасында Омс аймағы мен РФ басқа да жерлеріне қымызды жткізу бойынша. 





Яндекс.Метрика