Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев: Елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісі қалыптасты

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтауын жариялады
Астана қаласы30 Сәуір , 09:58

Құрметті отандастар!

 Православ христиандарын, барша Қазақстан азаматтарын жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Православтар Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мәнге ие.

Біздің елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісі қалыптасқан.

Мәңгілік адамгершілік құндылықтарға арқа сүйей отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей және қолдай отырып, біз ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайта білдік.

Христиан дінін ұстанатындардың конфессияаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі өте зор. Еліміздегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да мемлекеттің қоғамды ұйыстыруға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдайды.  

Достық, өзара құрмет пен түсіністік қатынастар біздің мақтанышымызға, ортақ игілігімізге айналды.

Бүгін Пасха мейрамы адамдарды жақсы іс-әрекеттерге, мейірімділікке және айналасындағыларға қамқорлық жасауға  шабыттандырады, адамдарға шаттық пен татулық сыйлайды, жүректерінде үміт, сенім мен шынайылық сезімдерін сақтауға көмектеседі. 

Осынау мереке күндерінде барша қазақстандықтарға бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілеймін!

 




Яндекс.Метрика