Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Оралда жаңа әскери кемені суға жіберді

Оралда жаңа әскери кеме суға жіберілді Бүгін, «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ құрамындағы «Зенит» зауыты Орал қаласында «Сарбаз» кемесін суға жіберді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Батыс Қазақстан 30 Сәуір, 10:34

«Сарбаз» кемесі кәсіпорын үшін 24-ші және ол, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес Республикамыздың ҰҚК Шекара қызметі үшін жасалған корабль болып табылады. Бұл корабль – бұдан бұрын Шекара қызметіне жеткізілген осы санаттың бесінші кемесі.

«Сарбаз» кемесі кәсіпорынның сан жағынан 24-ші шығарылымы болып саналады және ол республиканың ҰҚК Шекара қызметіне арнап мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес салынған. Бұл корабль – Шекара қызметіне арнайы жасалған осындай класстағы бесінші корабль.

Оның айрықша ерекшелегі – шешілетін тапсырмалар аясын айтарлықтай ұлғайтатын заманауи артиллериялық құрылғымен, қашықтықтан басқаратын жауынгерлік модульмен, радиотехникалық қарумен жабдықталған.

Бұдан басқа суасты диверсиялық қауіп-қатерлерді, жауынгер жүзушілерді қоса анықтау және олармен күресу үшін құралдар қарастырылған. «Сарбаз» кемесінің жасалуы кезінде экипаждың тұрмыстық жағдайына байланысты сипаттарын,  кеменің маневрлік және басқа сипаттарын жақсарту бойынша осындай кемелерді пайдаланушы әскери бөлімдердің ұсыныстары ескерілген болатын.

«Сарбаз», оның  ізашарлары сияқты Қазақстанның мемлекеттік шекарасына қарасты мемлекеттік аумақтың суларын және құрлықтық қайраңын күзетуді; заңсыз кемелердің жүруін, контрабандалық операцияларды, қарақшылық және заңсыз балық аулау, заң бұзушы кемелерді ұстау және тексеруді бұлтартпау мақсатында торуылдауды қамтамасыз ету үшін жасалған.

Суға түсірілген соң кеме Орал өзені арқылы Каспийге, одан кейін зауыттық арқанмен байлау, жүру және қабылдау сынақтары жасалынып, тапсырыс берушіге жеткізілетін болады. 





Яндекс.Метрика