Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қ.Айтаханов: Конституция мен Жер кодексінде шетелдіктерге жер сатылады деген бір ауыз сөз жоқ

Эксклюзив
Өзіміздің азаматтарға жерді жалға аудан әкімдіктері бере алатын болса, ал, шетелдіктерге облыс әкімдері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің келісімі арқылы ғана бере алады. Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт, шетелдіктерге шекара маңынан жалға жер мүлдем берілмейді. Бұл туралы strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов айтты.
Астана қаласы 29 Сәуір, 18:42

«Қазақстан Республикасының Конституциясында жер мемлекеттің меншігінде, бірақ жекеге сатылуы мүмкін деп жазылған. Бірақ, Конституцияда болсын, Жер кодексінде болсын, еш жерде шетелдіктерге жер сатылады, деген бір ауыз сөз жоқ. Оны кімнің шығарып жүргенін мен білмеймін. Шетелдіктерге жер сатылмайды. Өйткені жер Қазақстаннның жері, қазақстандықтардың жері. Біздің ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша қорғап, кейінгі ұрпағына мирас етіп қалдырған жері. Біз оны ешкімге бермейміз. Елбасы қаншама уақыт жүріп, шекарамызды шегендеп, Ресеймен де, Қытаймен де арадағы шекараны бекітіп алды. Осы күнге дейін сатылған емес, келешекте де сатылмайды»,-деді Қ.Айтаханов.

Сонымен қатар сенатор, жерді жалға беру мәселесіне қатысты да ойын білдірді.         

«Ал, жалға беру мәселесіне келер болсақ, өзіміздің азаматтарға және шетелдіктерге де жалға беріледі. Бұл жерде мәселе былай, өзіміздің азаматтарға жерді жалға аудан әкімдіктері бере алатын болса, ал, шетелдіктерге облыс әкімдері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің келісімі арқылы ғана бере алады. Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт, шетелдіктерге шекара маңынан жер мүлдем берілмейді жалға. Жер кодексінде шетелдіктерге шекара маңынан жер жалға берілмейтіндігі анық жазылған. Егер, шетелдіктерге жер жалға берілген күннің өзінде оның жауапкершілігі үлкен болатынын ескерте кетуіміз керек»,-деп атап өтті ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 





Яндекс.Метрика