Ұлтаралық бірлік

Ана мен мен бала орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні тойлануда (ФОТО)

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған салтанатты шара өтті, шараны «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы ұйымдастырды.
Астана қаласы 29 Сәуір, 17:36

Салтанатты шара «Ұлы Дала Елі» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында өткізілуде, сондай-ақ, шара қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарын көбейтіп оларды сақтауға бағытталған.

«Осы жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелейміз. Осы жылдар  ішінде біз күрделі әрі қиын жолды артта қалдырдық. Елбасының көреген, әрі салиқалы саясатының арқасында ғана барлық кедергілерді артқа тастап, қиындықтарды жеңіп шықтық. Клиникаларда корпоративтік қорлар жұмыс істеуде. Бұл орайда Қазақстанның бірлігі күні аясында бұл шара үлкен маңызға ие», - деді «Назарбаев университеті»  «University Medical Center»  корпоративтік қоры төрағасының орынбасары Серік Тәңірбергенов.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева, Шаймардан Нұрымов, Бейбіт Мамраев, Василий Олейник, ҚХА мүшесі, Қазақстанның  әзірбайжан мәдени орталығының президенті Вивади Салахов қатысты.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 





Яндекс.Метрика