EXPO-2017

ХКБ басшылығы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты оңтайлы бағалады

Париж қ. қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының Атқарушы комитетінің кезекті отырысына қатысты.
Әлемде30 Сәуір , 11:03

Атқарушы комитет мүшелері Анталия-2016, Астана-2017, Пекин-2019 және Дубай-2020 көрмесінің  дайындық барысы туралы есептерді тыңдады, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Өз кезегінде «ЭКСПО-2017» Комиссары Хатшылығының басшысы Аян Еренов Атқарушы комитет мүшелерінің соңғы отырысы барысынан кейін халықаралық қатысушыларды тарту, құқықтық негізді әзірлеу сынды жұмыстарын айтып өтті.

Сонымен қатар,  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департамент директоры Нұрбек Ергешбаев ағымдағы жылдың құрылыс жұмысын атап өтті.

Барлығы білетіндей, «ЭКСПО-2017» көрмесіне 100-ден астам мемлекет пен 15 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде. Бүгінгі күні ресми түрде 83 мемлекет және 14 халықралық ұйым қатысады.




Яндекс.Метрика