Өңірлер

С. Малаев: Қазақстандық шаруаларға жерді жалға алуға тиімді нұсқалар ұсынылған

Қазақстандық ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріне жерді жалға алуға тиімді нұсқалар ұсынылған. Бұл туралы «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы29 Сәуір , 17:19

«Мен жерді сатып алу үшін өтініш бердім – меморандум бойынша 1000 га, егер біз нарықтық қарым-қатынасқа көшетін болсақ, 10-15 жылға мемлекеттен жалға алынған жерлер мемлекеттің жері болып табылады. Менің ойымша, бүгінгі күннің жағдайы жақсы, сол себепті осындай жерлерді сатып алу керек, бұл10 жылға бөліп төлеу арқылы кадастрлық құннан 50%. Менің ойымша бұл тиімді нұсқа»,-деді ол.

Ауыл шаруашылығы басшысының айтуынша, бүгінгі күні мемлекет ауыл шаруашылық өндірушілеріне қолдау көрсетуде.

«Жердің кадастрлық гектары 55 мың теңге тұрады, біз 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы оның 50 пайызын төлейміз»,-деді ол.

С.Малаевтың ауыл шаруашылық жері 15 мың га-ны құрайды және ол жерде астық және майлы дақылдар егіледі.

«Сіз шамамен 15 мың га-ны сатып аламыз және ол жерде біз астық және майлы дақылдарды егеміз, бос учаскелер жоқ»,-деп толықтырды ол. 




Яндекс.Метрика