Халықаралық интеграция

Қазақстан темір жолы делегациясы Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының отырысына қатысты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарушы директоры Оралхан Кулаков делегациясы 28-сәуірде Чолпон-Атада (Қырғызстан) Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) Бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясының 31-ші отырысына қатысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде29 Сәуір , 19:37

ТЖЫҰ өткізген шараның темір жол саласы үшін маңызы зор екендігін «Кыргыз темир жолу» ҰК» МК бас директоры Алмазбек Ногойбаев алғы сөзінде атап өтті.

Жалпы отырыста 2015 жылы ТЖЫҰ атқарған жұмыс қорытындысы, жүк және жолаушылар тасымалдау, инфрақұрылым және жылжымалы құрам жөніндегі   комиссиялардың есептері тыңдалды.

Еуразиялық темір жол кеңістігі арқылы халықаралық бағдардағы тасымалдауды ұйымдастырудың барысы, оң қорытындылары, оны болашақтағы жетілдіру шаралары қаралды.    

Оның сыртында, Халықаралық тікелей темір жол бағдары туралы Конвенция мәтінін қабылдау үшін халықаралық конференция өткізуге дайындық мәселесі қаралды.

Жалпы отырыс қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Келесі  Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының  Бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясының 32-ші отырысы 2017 жылы сәуірде Белорусь Республикасында өткізілетін болады.

Биылғы жылғы маусымда ТЖЫҰ құрылғанына 60 жыл толады.

Бұл ұйымның қызметі негізінен, Еуразиялық өңірдегі бірыңғай темір жол кеңістігін құру, халықаралық тасымалдауды дамыту болып табылады. Қазіргі кезде, ТЖЫҰ құрамына 28 мемлекеттің темір жол әкімшіліктері кіреді.

Қазақстан халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып табылады.




Яндекс.Метрика