Өңірлер

А.Сағындықов: Шетелдік компанияларға жер сату мәселесі ешқашан талқыланған да жоқ

Мен ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобының құрамында болдым. Менің айтқым келетіні, онда ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату емес, тек жалға беру туралы талқылаулар болған. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген «Агросоюз Қазақстан» ауыл шаруашылық кооперативтері ассоциациясының Президенті Алик Сағындықов айтты.
Астана қаласы 29 Сәуір, 16:27

«Шетелдік азаматтарға немесе шетелдік компанияларға шер сату мәселесі ешқашан талқыланған емес. Мен ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобының құрамында болдым. Менің айтқым келетіні, онда ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату емес, тек жалға беру туралы талқылаулар болған. Бұл мәселе жеткілікті деңгейде талқыланды. Бұрын жалға беру мерзімі 10 жыл болды, ал, қазір кодекске түзетулер енгізілгеннен кейін, 2016-шы жылдың 1-ші шілдесінен бастап жалға беру мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатын болады»,-деді аграрлық мәселелер бойынша сарапшы.

Оның айтуынша, аталмыш енгізілген жаңалық шетелдік инвестицияны тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қосымша салық түсімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сарапшының пікірінше, ауыл шаруашылыққа арналған жерлерді ҚР азаматтарына сату ақталған шара болып табылады. Бұл Ұлт жоспарында қарастырылған.

«Жерді өз азаматтарымыздың иеленуіне қатысты айтар болсам, бұл Қлт жоспарының бір бөлігі. Онда бәрі анық жазылған. Ауыл шаруашылығына арналған жерге қомақты қаржы салу керек, бұны бәрі біледі. Жердің міндетті түрде қожайыны болуы керек. Тағы да қайталап айтамын, жерді тек Қазақстан азаматтары ғана сатып ала алады. Бізде ешқашан шетелдіктерге жер сату мәселесі көтерілеген емес»,-деп атап өтті А.Сағындықов.

Фото: www.baiterek.kz





Яндекс.Метрика