Инвестициялар

Дания Алматының сүт өнімдері өндірісін инвестициялауға ниет білдіріп отыр

Алматы қаласы әкімдігінде Дания Корольдігінің РФ мен ҚР-дағы елшісі Томас Винклер бастаған даниялық бизнес-делегациямен халықаралық кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Алматы қаласы29 Сәуір , 19:03

Қонақтар Алматы қаласы мен Дания Корольдігінің арасындағы ынтымақтастықтың даму динамикасын айқындады. Қалада 24 бірлескен кәсіпорын тіркелген және 25 кәсіпорын даниялық капиталдың қатысыуымен жұмыс істеп тұр.  Кездесу барысында Томас Винклер Алматы қаласын инвестиция тартуға әлеуеті зор қала екенін атап өтті.

«Мегаполистің экономикалық және индустриалды-инновациялық қарқыны жоғары. Қалада жаңа кәсіпорын құруға мүмкіндік беретін бизнес-алаңдар сәтті жұмыс істеуде. Әсіресе, шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс жасау тиімділігі басым»,-деп атап өтті Дания Корольдігінің елшісі.

Даниялық тарап Алматы қаласында инвестициялық саясатты жалғастыруға ниетті. Қонақтар ауыл шаруашылығы мен энергетика және жоғары технологияны дамытуда үлес қосуға ниетті.

Бизнес делегация Алматы облысында шошқа шаруашылығы, сүт өнімдері өндірісі, балық өңдеу сияқты шаруаларды инвестициялауға ниет танытып отыр. 




Яндекс.Метрика