Ұлтаралық бірлік

Абай қорық-мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті (ФОТО)

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды, деп хабарлады МСМ.
Казахстан 29 Сәуір, 20:09

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Ассамблеяның 365 мүшесі, 471 республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.

Мерекелік шара Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбекұлының құттықтау сөзімен ашылды. Сонымен қатар қалалық «Достық» үйінің қазақ, орыс, өзбек, неміс, татар, «Казаки Прииртышья» мәдени орталықтары өз өнерлерін ортаға салып, жиылған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сөз алған әр мәдени орталық Қазақстан бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел, екенін атап көрсетті. Кешке Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, зейнеткерлер, қалалық «Достық» үйінің мәдени орталықтары, студенттер қатысты.





Яндекс.Метрика