Білім беру

Үштілділік: Қазақстандық балалар әлемдік кеңістікте бірдей деңгейде болуы тиіс

Қазақстандағы ауылдық, қалалық балалар әлемдік кеңістікте бірдей деңгейде болуы тиіс, деп Ақкөл ауданының М.Горьки атындағы орта мектеп директоры Людмила Ершова есептейді.
Астана қаласы29 Сәуір , 17:53

«Үштілділікке оңтайлы қараймын. Қазақстандағы ауылдық, қалалық балалар әлемдік кеңістікте бірдей деңгейде болуы тиіс. Олар тілді біліп, сол тілдерде білім алулары тиіс. Ол мектептен емес, мектепке дейінгі жастан басталуы керек. Өйткені мидың 90 пайызы сол кездері қалыптасады және балалар тез қабілетті болады. Бұл өте жақсы жаңашылдық. Дамыған ел болып, осыған келген секілдіміз. Біздің ауылдық мектеп ағылшын тілі мен қазақ тілді мұғалімдерден тапшылық көрген емес»,-деп Л.Ершова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» Халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумы барысында қазақстандықтарды үштіліділікті дамытуға шақырды.

«Біздің қазақи төзімділік, түсінушілік пен шымамдылық – осының барлығы бірлікті қалады. Қазақстанның ішіндегі мемлекеттік бірлік қазіргі әлемде болып жатқан жағдайға орай өте маңызды. Өз ұлтшылдығымызды биіктете отырып, басқа елді қорлау мүмкін емес. Сол себепті мен үштілділік туралы айтып отырмын. Қазақстан өзінің мемлекеттік қазақ тілін білуі тиіс. Орыс тілі – біздің көршіміздің тілі және БҰҰ-ның алтыншы тілдерінің бірі. Ағылшын тілі елімізге әлемдік аренаға шығуда міндетті түрде қажет»,-деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика