Өңірлер

Алматы облысында 600 орындық екі мектеп салынуда

Іле ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасыаясында екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Үш ауысымда оқу мәселесін шешеалатын заманауи білім беру нысандары Жәпек батыр мен Боралдай ауылындатұрғызылуда, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы 29 Сәуір, 16:43

Жәпек батыр мен Боралдай ауылында 600 орынғаесептелген 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Нысандарды өткізу мерзімі жаңа оқужылының қарсаңына белгіленген.

«Жалпы, Алматы облысында 2016-2017 жылдар аралығында 43 жаңа мектептісалумен үш ауысымда оқу және апатты жағдайдағы білім ошақтары мәселесітүбегейлі шешіледі», - делінген хабарламада.

Іле ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұржанов хабарлағандай,ауданда 7 мектептің құрылысы жоспарланған.

Құрылысты бастау ағымдағы жылдың маусым айына көзделген. Осылайша мектептапшылығын көріп отырған 7 елдімекеннің тұрғындары келер жылы балаларын жаңамектепке апара алатын болады.





Яндекс.Метрика