Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ОҚО-да көліктік-логистика саласында 7 инвестжоба жүзеге асырылады

Қазақстанның еуразиялық көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында көліктік-логистикалық орталығы құрылысының жобасы іске асырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область29 Сәуір , 20:27

Облыста дамыған логистикалық жүйе құру мақсатында облыс әкімдігімен қала маңынан 92 га жер телімі бөлінген. Жер телімі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінен 4 шақырым және Трансазиялық темір жол дәлізінен 500 метр қашықтықта орналасқан.

Алаңы 112 гектарды құрайтын көліктік-логистикалық орталығының құрылысы бүгінде аяқталуға жақын. Аталған орталыққа инфрақұрылым құруға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінген.

Жалпы мұнда инвестициялар көлемі 27,6 млрд. теңге болатын 7 ірі жоба іске асырылуда. Яғни орталық аумағында мұздатқыш камералардан, көкөніс қоймаларынан және құрғақ қоймалардан тұратын жалпы ауданы 230 мың м2 «А» және «В» санатты қоймалар салынбақ. Нәтижесінде жалпы 726 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Көліктік-логистикалық орталықтың ауыл шаруашылығы өнімдерін біржолы жүктеу қуаты 400 мың тоннаға жуық. Жылдық жүк қабылдау көлемі 1,7 млн. тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, Мақтарал ауданы (19 га) мен Түркістан қаласында (20 га) көліктік-логистикалық орталықтарын құру мақсатында инфрақұрылым дайындалуда.

Елімізге ауылшаруашылық өнімдерді тоқтаусыз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданында халықаралық деңгейде көліктік-логистикалық құру мәселесі қаралуда.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика