Үкімет

Б.Сағынтаев АҚШ кәсіпкерлерін қазақстандық нарықты белсенді игеруге шақырды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Америкалық-Қазақстандық бизнес қауымдастықтың (USKBA) президенті Уильям Кортнимен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Астана қаласы29 Сәуір , 15:03

Кездесу барысында өндірістік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Бақытжан Сағынтаев республикада қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып жатқандығын баса айтып, АҚШ бизнесмендерін қазақстандық нарықты белсендірек игеруге шақырды.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары индустрияландырудың екінші кезеңі аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін америкалық компанияларды тартуға қызығушылық білдірді.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ АҚШ бизнесмендерін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды, бұл «жасыл технологияларды» дамытуға қосымша серпін береді, озық тәжірибені кеңінен ұсынуға және энергетикалық тұрғыда тиімді бағдарламаларды жылжытуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика