ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР БҒМ: Колледждегі гранттардың негізгі бөлігі техникалық мамандықты алуға бағытталады

Колледждерде оқу үшін жыл сайын мемлекетпен бөлінетін 75 мың грант техникалық ммандықты алып шығуға бағытталады, деп ҚР БҒМ «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Серік Ирсалиев Strategy2050.kz АА берген сұхбтында айтты.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:09

«Мемлекет басшысының бұйрығына орай министрлік тегін техникалық білім беру бағдарламасымен жұмыс жасауда. Не себепті бұл маңызды? Барлық әлемде кәсіби техникалық мамандықтар білікті кадрлармен кейбір жұмыс берушілерді қамтамасыз ету тәсілі ретінде қарастырылмайды, олар жастарды әлеуметтендіру элементі ретінде қаралады»,-деді С.Ирсалиев.

Оның айтып өткеніндей, статистиканың көрсетіп тұрғанындай, шамамен 25 мың мектеп түлегі мандықсыз қалып жатады.

«15 пен 29 жас аралығындағы 90 мың жас адамдар мамандықсыз қалуда және олардың көбісі жұмыссыз, ал біз 80 пайыз қылмысты осындай жұмыссыз адамдардың жасайтындығын білеміз. Сол себепті біздің жас ұрпаққа осы өмірде жетістікке жетуіне жол ашуымыз керек»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, жыл сайын колледждерге мемлекеттен бөлінетін 75 мың гранттың біраз бөлігі бірінші мамандықты алуға бағытталатын болады.

«Барлық жастар 75 мың гранттын ішінде өздерінің бірінші жұмыс-мамандықтарын алуға ниет білдіргендер біртіндеп оларға берілетін болады. Ал қалған гранттар кәсіптік білімге бөлінетін болады»,-деді С.Ирсалиев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика