Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша халықаралық тәжірибе талқылануда

Астанада «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: тәжірибе мен жетістіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Конференция барысында Қазақстандағы, Ресейдегі, Германиядағы, Сингапур мен Грузиядағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша халықаралық тәжірибе талқыланады.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:16

«Бүгінгі конференция – бұл, біріншіден, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асырудағы іс-шараның бірі. Ұлт жоспары аясында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне көп көңіл бөледі, сол себепті біздер үшін тәжірибе алмасу маңызды болады. Бүгінгі конференцияда халықаралық сарапшылар, көрнекті ғалымдар қатысуда. Біз елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес заңнаманы қамтамасыз етуге тырысудамыз»,-деді ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Әйгүл Шаимова.

Оның айтуы бойынша, қазір сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде .

«Қазір біз сыбайлас жемқорлық қатерлерін өткізудеміз. Ол мәселелерді жоюға көзделген. Біз тиісті ұсыныстарды жасаудамыз. Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты 7 қауіпті тексердік және заңнамада болған бірнеше олқылықтар жойылды, олардың көбінесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты қатердің болуы»,-деді вице-министр.  

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика