Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінде дене даярлығының жаңа жаттығуы сынамадан өтуде (ФОТО)

61993 әскери бөлімінде «Іле» оқу-жаттығу полигонының базасында штаттық қарумен далалық киім нысанында 10 шақырымға жүгіру жаңа жаттығудың бірінің сынамасы өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 29 Сәуір, 20:43

Оның барысында әскери қызметшілер жоғары нәтижелер көрсетті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері дене даярлығының жаңа тәлімдемесі ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетімен әзірленді. Бүгінгі таңда Қарулы Күштерде күштік жаттығуларды (белтемірге тартылу, белтемірге күшпен көтерілу), далалық киім үлгісінде 100 және 3000 метрге жүгіруді сынамадан өткізу жалғасуда.

«Бұрынғы тәлімдемеге сәйкес аталған жаттығуларды әскери қызметшілер спорттық киім үлгісінде орындаған болатын. Жаңа тәлімдеме шеңберінде барлық жас ерекшеліктері тобы үшін белтемірге тартылу, 60 және 1000 метрге жүгіру, жерге қолды тіреп қолды майыстыру және жазу, 5 шақырымдық шаңғы жарысы, сондай-ақ еркін стильде 100 метрге жүзу секілді базалық жаттығулар бар. Жаңа жаттығулардың арасында 60 және 400 метрге жүгіру, әскери киім нысанында ұзындыққа сүңгу, сондай-ақ штаттық қарумен әскери киімде 10 шақырымға жүгіру», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әйел әскери қызметшілер үшін секіртпеде секіру және орнынан қашықтыққа секіру үшін жаттығулар қосылды. ҚР Қарулы Күштерінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері ұдайы негізде президенттік тестілер, ай сайын дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырып, ал жылдың соңында қорытынды тексерісте өздерінің көрсеткіштерін растайтынын айта кеткен жөн. 

 





Яндекс.Метрика