Парламент

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды – АШМ

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды, деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымында.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:32

«Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, экономикалық тартымды сала болып табылады. Бұл ретте, осынау отандық агросектордың қалыптасуы кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері сенімді серіктес бола білді», - деді А.Мамытбеков.  

Оның айтуынша,  соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды.

«Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 59%-ға ұлғайып, 2,0 млрд. АҚШ долларынан асты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі 379 млн. АҚШ долларын құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167,0 млрд. теңгеге немесе шамамен 3,4 есеге ұлғайды», - деді ол. 




Яндекс.Метрика