Парламент

Ж.Нұрғалиев: Ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидияны неғұрлым ұтымды бөлу керек

Субсидияны бөлу туралы енгізілген жүйе жетілдіруді талап етеді, ал қаражат неғұрлым ұтымды бөліну тиіс. Осындай мәлімдемені депутат, аграрлық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі ҚР Сенат Парламенті Комитетінің мүшесі Женіс Нұрғалиев парламенттік тыңдауда мәлім етті.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:26

Спикер Қазақстанда аграрлық секторды дамытуда қаржылық демеу негізгі факторлардың бірі болып келетіндігін айтты.

«Біз білеміз, жыл сайын мемлекет ауыл шаруашылығының дамуына орай субсидия түрінде қомақты қаржыны салуда. Осы саясаттың тиімділігіне объективті баға беру әлі ерте»,-деді ол.

Сонымен қатар, депутат ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидиялардың тиімсіз пайдалануына назар аударды. Спикердің айтуы бойынша, бұл мәселе жаңғыртуды талап етеді.

«Бізде ауыл шаруашылығына деген қаржыландыру көмегі Кедендік одақ серіктестіктерінен айтарлықтай төмен. Қаражатты бөлу жеткіліксіз ұтымды.  Мысалы, мал шаруашылығына субсидияны бөлгенде, біз олардың азық-түлік өнімділігі туралы ұмытып кетеміз, ал олар мал басын өсірудегі маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Сондықтан, үздіксіз жетілдіру мемлекеттік қолдаудағы қаржыны ұтымды пайдалануды талап етеді. Мемлекет басшысы субсидияны тауар өндірушілер алу керектігін бірталай рет айтып өтті»,-деді депутат.

Естерінізге сала кетейік, бүгін ҚР Сенат Парламентінде «ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - заңнамалық реттеу және іс жүзінде асыру» тақырыпта парламенттік тыңдау өтуде.

 

.




Яндекс.Метрика