Парламент

Ж.Нұрғалиев: ҚР Үкіметіне дереу әр аймаққа жеке сақтандыру стратегиясын дайындау керек

ҚР Үкіметіне дереу әр аймаққа жеке сақтандыру стратегиясын дайындау керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақты дамыту комитетінің мүшесі Жеңіс Нұрғалиев парламенттік тыңдауда айтты.
Нұр-Сұлтан29 Сәуір , 11:08

«Жаңа нормативтік-құқықтық актілерде ауыл шаруашылық өндірісін сақтандыру мәселесі қажеттігі туындап отыр. Бұған байланысты проблемалар белгілі. Осыған орай, ҚР Үкіметіне дереу әр аймаққа жеке сақтандыру стратегиясын дайындау керек, деп ойлаймыз. Барлық тәуекел топтарға бірдей сақтандыру тарифі енгізілуі керек. Ол аймақтырға байланысты болмауы қажет»,-деді Ж.Нұрғалиев.

Еске сала кетейік ҚР Парламенті Сенатында «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру  заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» атты парламенттік тыңдау өтіп жатыр.




Яндекс.Метрика