Халықаралық интеграция

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ханчжоуда өтетін G20 Саммитіне қатысуына Қытай үлкен мән береді (ФОТО)

Пекинде «Чжуннаньхай» үкіметтік резиденциясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшелерімен кездесті, Қытай Коммунистік партиясының жетекшілік топтың жауапты хатшысы болып Ян Цзечи болды.
Әлемде 29 Сәуір, 12:09

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуінің табысты нәтижелерін атап өтті.

Өзекті жаһандық және өңірлік проблемалар, соның ішінде Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Ирандағы, Таяу Шығыстағы және өзге де жағдайлар  бойынша тереңдетілген түрде пікір алмасуға айтарлықтай назар аударылды.

Еуразия кеңістігінде саясат пен экономиканың тұрақты дамуына, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлескен күш-жігердің қажеттілігі ерекше аталып өтті.  

Ян Цзечи Қытай ү.ж. қыркүйекте Ханчжоуда өтетін  G20 Саммитіне шақыруды қабылдағаны үшін алғысын білдіретінін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуына үлкен мән беретінін атады.

Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді қажет ететініне жалпы сенім білдірілді. Осыған байланысты, Е. Ыдырысов сұхбаттасының назарын халықаралық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның ұстанымына ерекше аударып, «Бейбітшілік. XXI ғасыр» Манифестің қытай тіліндегі мәтінін тапсырды.

Ян Цзечи, өз кезегінде, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу ұмтылысын қолдайтынын мәлімдеді.

Сол күні Е. Ыдырысов ШЫҰ Хатшылығына барып, Қытай, Қырғызстан Сыртқы істер министрлерімен және Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан сыртқы саясат ведомтсволары басшыларының орынбасарларымен бірге «ШЫҰ көгалының» ашылу рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар, ол  ШЫҰ Хатшылығы кітапханасының қорына қазақстандық авторлардың 100-ден аса ғылыми еңбектерін, соның ішінде ерекше орын алатын, ұйымның құрылу бастауында тұрған және оның одан әрі қалыптасып, нығаюына құнсыз үлесін қосқан ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы мен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ. Тоқаевтың «Преодоление. Очерки дипломата» кітабын тапсырды. 

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика