Парламент

Қ.Тоқаев жер кодексіне енгізілген түзетулерді қалай түсіндіру керектігін айтты

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіре келе, қоғам шетелдіктер туралы ғана айтып қоймай, азаматтардың құқықтық міндеттерін де түсіндіру керек. Осындай мәлімдемені ҚР Сенат Парламентінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік тыңдауда мәлім етті.
Нұр-Сұлтан29 Сәуір , 10:38

«Біз ауыл шаруашылық жерлердің шетелдіктерге сатылмайды деген сенімді ғана беріп қоймауымыз керек. Біз құқықтық және басқа да жолмен осындай маңызды ұстанымды жүзеге асыруды қамтамасыз етуіміз тиіспіз, ешкімде осы талапты айналып өтетін ниет болмау керек. Бастысы, Мемлекет басшысының жердің ұлттық юрисдикциясы мен жерді тиімді әрі ұтымды пайдалану туралы талабын міндетті түрде орындау қажет»,-деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, оның ойынша,  жеке пайдалануға кететін жалдамалы жерлерге көңіл бөлу маңызды.

«Онымен бірге, жалдамаға алынған және қазір отандық кәсіпорындардың жеке пайдалануына кететін жердің аумағы бойынша мәселеге де мән бергеніміз жөн. Бізде бір миллион гектар дейін жерге иелік етіп, оны өңдеу үшінбанктен қомақты несе алынғанымен, қайтарылуы үлкен күмән туғызып отырған жағдайлар да жоқ емес»,-деді Сенат Төрағасы.

Естерінізге сала кетейік, бүгін ҚР Сенат Парламентінде «ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» тақырыпта парламенттік тыңдау өтуде.

 

 

 




Яндекс.Метрика