Парламент

Қ.Тоқаев: Қазақстанның аграрлық секторы бар-жоғы ІЖӨ-ң 4,7%-н ғана өндіреді

Қазақстанның аграрлық секторы бар-жоғы ІЖӨ-ң 4,7%-н ғана өндіреді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік тыңдауда айтты.
Нұр-Сұлтан29 Сәуір , 10:32

Сенатта «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру  заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» атты парламенттік тыңдау өтіп жатыр. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ауыл шаруашылық секторындағы негізгі проблемаларды айтты.  

«Егер, ауыл шаруашылығының проблемаларын айтар болсақ, мойындауымыз керек, үлкен әлеуетке қарамастан ауыл шаруашылық өндірісінің даму қарқыны экономикалық өсімнің орта көрсеткішінен қалып жатыр. Аграрлық сектор еліміздің ІЖӨ-ң бар-жоғы 4,7 %-н өндіреді»,-деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі басқа салалармен салыстырғанда артта қалып келеді.

«2015-ші жылдың алдын ала мәліметтері бойынша, еліміз бойынша орта көрсеткіштен 3,5 есе төмен. Бұл отандық аграрлық сектордың басым бөлігі экстенсивті факторлардың есебінен жетіп отырғанын көрсетеді. Яғни, тиімді технология мен заманауи қондырғылар және ғылыми жетістіктер бұл салада қолданылмай отыр деген сөз»,-деді Қ.Тоқаев. 




Яндекс.Метрика