Мәдениетті жаңғырту

Ташкентте Жамбылдың 170 жылдығына орай халықаралық айтыс өтті (ФОТО)

Ташкенттің «Истиклоп» Концерт залында 4 мың көрермен қатысқан Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына және Әлішер Навоидің 575 жылдығын арналған Халықаралық айтыс болды, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде 29 Сәуір, 10:04

Айтысқа өлең жанрының 14 жас әрі тәжірибелі шебері қатысты. Шара достық, қызықты әрі танымдық ортада өтті, қатысушылар шебер суырып салма өнерін, тапқырлығын таныта білді.

Аталған мәдени шараның жеңімпаздары: Жарқынбек Наушабеков (бас жүлде, Сарыағаш қаласы); Құлмахан Дүйсенов (1-ші орын, Өзбекстан Республикасы); Анар Жапарқұлова (2-ші орын, Шымкент қаласы); 3-ші орынды Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы) мен Біржан Байтуов (Тараз қаласы) өзара бөлісті.

Айтыстың барлық қатысушыларына Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыстады. Жүлделі орындардың иелеріне ақшалай сыйлықтар берілді.

 

 





Яндекс.Метрика