Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚМГ БӨ-нің 2016 жылдың үш айындағы түсімі 121 млрд теңгені құрады

2016 жылдың алғашқы үш айында түсім 121 млрд. теңге (341 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан29 Сәуір , 09:47

Брент сұрыпты мұнайдың орташа бағасының 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы барреліне 54 АҚШ долларынан 2016 жылдың бірінші тоқсанында барреліне 34 АҚШ долларына дейін құлдырауы теңгенің долларға шаққандағы орташа айырбас бағамының 92 %-ға артуымен ішінара өтелді, соның нәтижесінде Компанияның теңгемен көрсетілген түсімі артты.

2016 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,6 млрд. теңгемен (9 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 0,9 млрд теңге (3 млн АҚШ доллары) құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайданың азаюына негізінен бірлескен кәсіпорындары мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің азаюы және табыс салығының шығындарының артуы себеп болды, бұл табыс салығынан басқа салықтардың шығындарының азаюымен ішінара өтелді.

2016 жылдың 31 наурызында таза ақша қаражаттарының сомасы[2] 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы 1,093 млрд теңгемен (3,2 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 1,051 млрд теңге (3,1 млрд АҚШ доллары) құрады. Доллармен көрсетілген таза ақша қаражаттарының 162 млн АҚШ долларына азаюы негізінен 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық қызметтен ақша қаражаттарынан ағымына байланысты болды.

 

 




Яндекс.Метрика