Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қызылорда облысында электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 92,6%-ды құрады

2016 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысы бойынша электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 92,6%-ды құрады. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Тастыбай Лесеров мәлімдеді.
Қызылорда29 Сәуір , 09:32

Осы ретте АХАТ органдарына неке қию туралы 1 067, неке бұзу туралы 29, қайталама куәліктер беру туралы 21 өтініш тіркелген. Ал жалпы 9 061 азаматтық хал актілері есепке алынып, 69 27 769 теңге мемлекеттік баж өндірілген. 

«Зияткерлік меншік саласында 1 өтініш түсіп, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактілері анықталған жоқ. Бірлескен тексерулер кезінде облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері әкімшілік кодекстің 204-бабымен 461 құқықбұзушылық анықталып, 22-сі бойынша 402 900 теңге айыппұл салынып, 439-ына ескерту берілді», - деді Тастыбай Лесеров. 




Яндекс.Метрика