ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: ОҚО-да алюминдік радиатор өндіретін зауыт салынады

Оңтүстік Қазақстанда «Gold aluminum» компаниясы түрік инвесторларымен бірлесіп, осы жылдың маусым айында тұрғын үйлерді жылытуға арналған алюминдік радиаторлар өндіретін зауыттың алғашқы кірпішін қаламақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан29 Сәуір , 09:16

Жаңа зауыттың құрылысы қазақ-түрік индустриялық аймағында жүргізілетін болады. Аталған жоба облыс бойынша алғашқы зауыт болып табылады.

Атап өткен жөн, бұл компания 2014 жылдан бері алюминдік профильдер өндіріп келе жатыр. Сонымен қатар, жоба бойынша екінші кезеңін іске қосып, өндірістік қуаттылығын 12 мың тоннаға дейін алюминдік профиль өндіру қарастырылған.

Нәтижесінде, бұл компания Қазақстанның 50% сұранысын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда шамамен 25% ғана қамтамасыз етуде.

 




Яндекс.Метрика